Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Банкроттыққа жол жоқ: Мемлекет банктерді енді қалай құтқарады?
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 желтоқсан, 2025 | 17:06
2 мин. - оқу уақыты

Банкроттыққа жол жоқ: Мемлекет банктерді енді қалай құтқарады?

Қаржы реттеушісі банк жүйесіндегі тәуекелдер мен жаңа қолдау моделін түсіндірді

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстанның банк жүйесі қазіргі кезеңде жеткілікті капитал қоры мен өтімділік деңгейіне ие, ал қаржы институттарының күйреуіне алғышарт жоқ. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, екінші деңгейлі банктердің капиталы қадағалау талаптарынан едәуір жоғары. Бүгінде банк жүйесінің капиталы минималды 8% деңгейі жағдайында 2,7%-ды құрайды. Бұл жүйенің сыртқы және ішкі күйзелістерге төзімділігін арттырып отыр. Қадағалау органдары тәуекелдердің ушығуына жол бермеу үшін бірнеше деңгейлі бақылау құралын қолданады. Атап айтқанда, жыл сайын активтердің сапасы қайта бағаланып, ықтимал шығындар бойынша провизиялар алдын ала қалыптастырылады. Сонымен қатар банктер тұрақты түрде стресс-тестілеуден өтеді.

Бұл тетік қаржы ұйымдарының ықтимал дағдарысқа дейін-ақ қор жинауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол қазіргі таңда банкрот деп танылған немесе банкроттық рәсіміндегі банктерге мемлекеттік қолдау көрсетуге заңмен тыйым салынғанын атап өтті. Мұндай қаржы ұйымдары міндетті түрде таратылуға жатады. Бүгінгі күні Қазақстанда лицензиясы әр жылдары қайтарылған тоғыз банк ликвидация процесінде тұр. Бұл лицензиялар 2007-2021 жылға дейін қайтарылып алынған.

Бұған дейінгі мемлекеттік қолдау тек қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіруге қабілетті банктерге көрсетілген. 2017 жылы іске қосылған қаржылық тұрақтылық бағдарламасы аясында алты банкке 1,8 трлн теңге бөлінген. Соның ішінде үш банк 738 млрд теңгені мерзімінен бұрын бюджетке қайтарды. Қалған банктер де міндеттемелерін ерте өтеуді жоспарлап отыр.

Бұған қоса, қаржы реттеушісі басшысы банк секторын сауықтыруда мемлекетпен қатар акционерлердің де жауапкершілігі артқанын атап өтті. Олар өз қаражаты есебінен 400 млрд теңге сомасына докапитализация жүргізіп, қосымша шамамен 1 триллион теңге сомасына провизиялар қалыптастырылды.

Сонымен бірге, агенттік басшысы сыртқы шоктар мен жүйелі дағдарыстарды жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Осыған байланысты заңнамада мемлекеттік қолдаудың жаңа, қатаң форматы қарастырылып отыр. Ол тек бүкіл қаржы жүйесіне қауіп төндіретін жүйелі маңызды банктерге ғана қолданылуы мүмкін.

Ең басты міндет - осы банктердің клиенттері мен салымшыларының қаражатын қорғау болғандықтан, Қаржы реттеушісі мемлекеттік қолдау көрсетілуі мүмкін жалғыз тетікті қарастырады. Оның айтуынша, бұл жағдайда мемлекет банкті тікелей субсидияламайды, тек оның капиталына уақытша кіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР-да бірыңғай қаржы омбудсманы іске қосылатынын хабарлады. Жаңа құрылым банктер, сақтандыру және микроқаржы ұйымдарына қатысты дауларды сотқа жеткізбей шешуді көздейді. Бизнес пен жеке тұлғалар қаржы ұйымдары берген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда Қаржы амбудсманына жүгіне алатын болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.