ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті экономика өкілдерін ынталандыру мен қолдаудың ресми қағидаларын бекітті. Бұл құжат саланың құқықтық негізін нығайтып, креативті жобаларды концепция деңгейінен халықаралық экспортқа дейін сүйемелдеудің кешенді жүйесін қалыптастырады.
Жаңа тетіктіктер креативті индустрияны қаржыландырудың жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Жаңа ережелердің басты ерекшелігі — қайтарымдылық пен экономикалық тиімділікке басымдық берілген. Мемлекет гранттық тәуелділікті азайтып, жеке инвестицияларды тартуды көздейді. Қаржылық қолдаудың бірнеше бағыт бойынша көрсетіледі. Атап айтқанда пилоттық және креативті жобаларды бірлесіп қаржыландыру, зияткерлік меншікті тіркеу және құқықтық қорғау шығындарын өтеу, сондай-ақ халықаралық байқауларға қатысу шығындарын жабу және жетістіктер үшін арнайы сыйақылар тағайындау мен креативті өнімдердің экспортын ілгерілетуден тұрады.
Сонымен қатар қаржылық шаралардан бөлек, кәсіпкерлер үшін қаржылық емес қолдау пакеті қарастырылған. Бұған консультациялық қызметтер, акселерациялық бағдарламалар және мамандардың біліктілігін арттыру курстары кіреді. Сондай-ақ, мемлекет: үй-жайлар мен қажетті жабдықтарды жеңілдетілген шарттармен ұсыну, маркетингтік және құқықтық сүйемелдеу, цифрлық платформалар мен онлайн-сервистерді дамытуға жағдай жасауды өз міндетіне алады.
Министр бұл қағидалардың қабылдануы креативті секторды ел экономикасының драйверіне айналдыруды көздейтінін атап өтті. Басты мақсат — жаңа жұмыс орындарын ашу, елдің экспорттық әлеуетін арттыру және отандық креативті өнімнің жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту.
Бұған қоса өңірлік деңгейде даму стратегиялары әзірленіп, саладағы инклюзия мәселелеріне де басымдық беріледі.