Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Депутат блогерлерге ББҚ мен медициналық өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды ұсынды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 қаңтар, 2026 | 11:19
1 мин. - оқу уақыты

Депутат блогерлерге ББҚ мен медициналық өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды ұсынды

Геннадий Шиповских Meta мен TikTok платформаларындағы агрессивті жарнаманы бұғаттауды талап етті

freepik
freepik

Сенат депутаты Геннадий Шиповских цифрлық платформалардағы заңсыз контент пен танымал тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше әлеуметтік желідегі жарнама тек сауда құралы емес, халықтың қаржылық қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторға айналған, деп хабарлайды QazMonitor.

Сонымен қатар ол желіде контент түрлерін қарау кезінде пайдаланушының еркінен тыс есірткі, жезөкшелік, онлайн казино және порнографиялық жарнамалар шыға беретінін айтты. Бұл мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының тиімділігін жоққа шығарып, «тесік шелекке су құйғанмен» бірдей әсер беріп отыр деп есептейді.

Осыған орай, депутат Meta (Facebook, Instagram) және TikTok компанияларымен Қазақстан аумағында заңсыз жарнамалардың таралуын шектеу бойынша нақты келісімдер жасауды, ЖИ және арнайы алгоритмдер көмегімен есірткі, казино, жалған акциялар сияқты қауіпті жарнамаларды жедел анықтап, бұғаттау механизмін енгізу, сондай-ақ медициналық білімі жоқ тұлғалардың денсаулыққа қатысты препараттарды жарнамалауына тыйым салу және тұтынушы зардап шеккен жағдайда жарнамалаушының (блогердің - ред) жеке жауапкершілігін заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.