Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Мотор майын цифрлық таңбалау: Кәсіпкерлер мен көлік иелері не білуі керек?
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 15 қаңтар, 2026 | 16:52
2 мин. - оқу уақыты

Мотор майын цифрлық таңбалау: Кәсіпкерлер мен көлік иелері не білуі керек?

2026 жылғы ақпаннан бастап мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі

freepik /
freepik /

Қазақстанның автохимия нарығында үлкен өзгерістер күтіп тұр. Энергетика министрлігі контрафактілік өнімдермен күресу және тұтынушыларды қорғау мақсатында мотор майларын міндетті цифрлық таңбалауды енгізеді, деп хабарлайды QazMonitor.

2026 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстанда мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау жүйесі ресми түрде іске қосылады. Энергетика министрлігі бұл нарықтың барлық қатысушыларын - өндірушілерден бастап бөлшек сауда дүкендеріне дейін дайындықты қазірден бастауға шақырды. Ведомство бұл қадам елдегі автокөлік иелерін сапасыз өнімнен қорғауға және экономикадағы заңсыз айналымды жоюға бағытталған маңызды реформа болады деп есептейді.

Жаңа ережелердің бизнеске ауыр болмауы үшін оны кезең-кезеңімен енгізуді жоспарланып отыр. Ең алдымен, 2026 жылдың ақпанынан бастап өндірілген немесе елге импортталған әрбір канистрге арнайы Data Matrix коды қойылуы тиіс.

Осыған орай, қазіргі уақытта барлық кәсіпкерлер таңбалау операторының ресми порталында тіркеуден өтіп, жүйемен жұмыс істеуді меңгеруі қажет. Көлік иелері мотор майының таңбаланғанын Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.

Бұған қоса, министрлік мұндай контрафактілік майларды пайдалану автокөлік қозғалтқышының күтпеген жерден істен шығуына әкелетінін еске салды.

Бұған дейін биылдан бастап Қазақстанда сыра нарығы цифрлық бақылауға көшетінін хабарланды. Атап айтқанда 1 ақпаннан бастап сыра және сыра сусындары міндетті таңбалауға жататын өнімдер қатарына енгізіледі. Бұл талап отандық өндірушілер мен импорттаушылардың барлығына бірдей қолданылады.

Tañba бірыңғай таңбалау оператор мәліметінше. жаңа тәртіп кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен кегтер мен бөтелкелердегі сыра өнімдері таңбаланады, ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаңылтыр банкадағы өнімдер де цифрлық кодсыз айналымға жіберілмейді.

Сонымен қатар, биыл жеңіл өнеркәсіп тауарларына міндетті цифрлық таңбалау енгізу жоспарланып отыр. Сауда министрлігі алдағы жылдары зергерлік бұйымдар, косметика, тұрмыстық химия және басқа да санаттарды жүйеге қосуы мүмкін.

Еске, салсақ, Қазақстанда тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі бес жыл бұрын енгізілді. Ең алдымен елде темекі өнімдері, одан соң аяқ киім мен дәрі-дәрмек таңбалана бастады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.