Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан Германияға мұнай экспортын арттырады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 16 қаңтар, 2026 | 13:57
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан Германияға мұнай экспортын арттырады

Мұнай экспортындағы балама жолдарды қарастырып, Қазақстан бір бағытқа тәуелділіктен арылмақ

telegram / kmgpress
telegram / kmgpress

«ҚазМұнайГаз» мұнай тасымалдаудың балама бағыттарын іске қосты. Компания Еуропа мен Қытай бағытындағы экспорттық әлеуетті нығайтуға басымдық бермек, деп хабарлайды QazMonitor.

Компания мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсан айында КҚК жүйесіндегі шектеулерге байланысты Қазақстан мұнайы «ҚазТрансОйл» АҚ желілері арқылы шұғыл түрде басқа арналарға бұрылды. Шамамен 300 мың тонна шикізат Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан және ресейлік порттар (Усть-Луга, Новороссийск) арқылы әлемдік нарыққа шықты.

Бұл қадам еліміздің мұнай тасымалында бір ғана бағытқа тәуелді емес екенін және кез келген форс-мажорлық жағдайда экспортты тоқтатпауға қауқарлы екенін көрсетті.

Былтыр қазақстандық мұнайдың Еуропа нарығындағы үлесі, әсіресе Германия бағытында айтарлықтай өскен, тасымалдау көлемі 2,1 млн тоннаны құрады. 2026 жылы 2,5 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр.

Ал Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Жейхан бағдары бойынша қазақстандық мұнайдың 1,3 млн тоннасы тасымалданды, биылға болжамды көлем 1,6 млн тоннаға дейін деп белгіленген. Сонымен қатар былтыр Қытайға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.

Еске салсақ, биыл 13 қаңтарда КҚК терминалында тұрған танкерге дрондар шабуыл жасалғаны хабарланды. Энергетика министрлігі КҚК арқылы мұнай экспорттау көлемі уақытша төмендегенін мәлімдеді. Объективті факторлардың салаға ықпалын барынша азайту мақсатында экспорттық ағындар баламалы тасымалдау бағыттарына қайта бөлінді. Атырау-Самара бағыты бойынша мұнай тасымалдау көлемінің артқаны және Қытайға жеткізілімдердің ұлғайғайтылды.

Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) теңіз терминалына бет алған үш мұнай танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Сыртқы істер ведомствосы серіктестерін бірлескен қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.