Аталған кемені «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушы компаниясы жалға алған, деп хабарлады QazMonitor-ға ҚМГ баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, MATILDA танкеріне Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған. Алайда 13 қаңтар күні танкерге ұшқышсыз ұшатын аппараттар арқылы шабуыл жасалған. Шабуыл салдарынан жарылыс тіркелгенімен, өрт шықпаған. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, танкердің теңізде жүзу қабілеті сақталған. Алғашқы тексеру барысында кеме құрылымына айтарлықтай зақым келгені анықталмаған. Қазіргі уақытта келтірілген залалдың көлемін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.