Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын абыроймен қорғап, тарихи нәтиже көрсеткен мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаны жанкүйерлер қауымы салтанатты түрде қарсы алды, деп хабардайды QazMonitor.
Елорда әуежайында өткен салтанатты жиынға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және спорт ардагерлері қатысты. Жиынның басты жаңалығы — спортшылар мен бапкерлерге көрсетілген зор құрмет болды.
Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының бастамасымен және демеушілердің қолдауымен чемпиондарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Атап айтқанда Михаил Шайдоров пен оның бапкері Алексей Урмановқа 3 бөлмелі пәтер, ал Софья Самоделкина мен бас бапкер Әсем Қассановаға 1 бөлмелі пәтер берілді.
Салтанатты шарада сөз алған Геннадий Головкин бұл жеңістің қазақ спорты үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Бүгін нағыз батырларымыз үлкен жолдан келді. Ең алдымен, чемпиондарды тәрбиелеген бапкерлер мен отбасыларына алғыс айтуымыз керек. Қазақстан бұл алтынға әбден лайық болды. Олар – біздің жаңа қаһармандарымыз», деді ол.
Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы бұл нәтиженің «тарихи рекордын» еске салды.
Михаил Шайдоров өз кезегінде қолдау көрсеткен барша отандастарына алғысын білдіріп, бұл марапат алдағы жарыстарда жеңіске деген құлшынысын арттыратынын жеткізді.