Астаналықтар пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды QazMonitor.
Спортшыны күтіп алуға жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері келді.
«Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз», деді спортшыларды күтіп алуға келген Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Салтанатта шарада демеушілер Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыстады.
Спортшы да жанкүйерлеріне алғысын айтыа, бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.
Айта кетейік, Милан–Кортина қысқы Паралимпиада Италияда 6–15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.