Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстан биатлоншылары Милан-2026 Олимпиадасына 4 жолдама жеңіп алды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 19 қаңтар, 2026 | 13:39
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан биатлоншылары Милан-2026 Олимпиадасына 4 жолдама жеңіп алды

Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша ел құрамасы қысқы Олимпиадада 2 ер және 2 әйел спортшымен бақ сынайды

Ұлттық Олимпиада комитеті
Ұлттық Олимпиада комитеті

Биатлоннан 2025-2026 жылғы маусымдағы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындарына 4 лицензия иеленді, деп хабарлайды QazMonitor. Осылайша, алдағы Олимпиадада еліміздің намысын биатлоннан 2 ер және 2 әйел спортшы қорғайды.

Айта кету керек, бұл жолдамалар нақты спортшыларға емес, Ұлттық федерацияға берілген. Италияда өтетін басты додаға кімдердің қатысатыны жақын арада Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесінің шешімімен белгілі болады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде келесі спорт түрлері бойынша Олимпиада лицензиялары бар:

Конькимен жүгіру спорты (12 лицензия) – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек (9 лицензия) – Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау (2 лицензия) – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Олимпиада лицензияларына қатысты қорытынды ақпарат қаңтар айының соңында жарияланады. XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.