Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматы екі мәдени нысанмен толығады
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 28 қаңтар, 2026 | 14:17
1 мин. - оқу уақыты

Алматы екі мәдени нысанмен толығады

Райымбек батыр музейі және «Observatorium» ашылады деп күтілуде

Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Биыл Алматыда екі бірдей мәдени нысан ашылады, деп хабарлайды QazMonitor Алматы әкімдігінің баспасөзқызметіне сілтеме жасап.

Нысанның бірі - «Райымбек батыр» кесенесі заманауи музейлендірілген мемориалдық кешенге айналады.  Кешен батырдың өмірі мен ерлігін қазіргі заманғы форматта көрсетуге арналған. Мұнда батырға арналған ескерткіш, экспозициялық залдар, білім беру және мәдени кеңістіктер, сондай-ақ виртуалды жобалар болады. Келушілер мультимедиялық бейнелер мен 3D-модельдер арқылы батырдың өмірімен таныса алады. Сонымен қатар, мұнда лекциялар, шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар Алматыда «Observatorium» атты жаңа музей ашылады. Бұл музей ғылымды, астрономияны және заманауи технологияны насихаттауға бағытталған. Мұнда интерактивті экспозициялар, білім беру зертханалары, ғылыми көрсетілімдер және виртуалды симуляциялар болады.

Музейдің бір бөлігі телескоп арқылы жұлдызды аспан мен ғаламшарларды бақылауға арналған. Сонымен қатар, «Observatorium» музейінде жасанды интеллект технологиясы енгізіліп, «Ғалам бойынша VR-саяхат» және робот-экскурсовод жобалары іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Алматыда ашылатын екі жаңа нысан қалаға туристік ғана емес, білім мен ғылым орталығы ретінде танылуға мүмкіндік береді. Данияр Әлиевтің айтуынша, бұл жобалар келешек ұрпаққа тарих пен мәдениетті, ғылымды қызықты әрі қолжетімді түрде жеткізуге көмектеседі.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.