Әйгілі пуэрто-рикалық әнші Рики Мартин Қазақстанда алғаш рет концерт береді. Әнші 18 шілдеде Алматы қаласында сахнаға шығады, деп хабарлайды QazMonitor.
Билет сататын агрегатор мәліметінше, әншінің әлемдік туры аясында өтетін шоуда оның ең танымал хиттері орындалады. Алдын ала билет сатылымы 19 наурызда басталады, ал жалпы сатылым 21 наурызға жоспарланған.
Рики Мартин – латын поп-музыкасының ірі жұлдыздарының бірі. Ол шығармашылық жолында 90 млн-нан астам альбом сатып, бірнеше мәрте «Грэмми» және Latin Grammy марапаттарына ие болған.
Бұған дейін испан әншісі Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт өткізтіні хабарланды.
Сонымен қатар Kazakh Tourism Астана мен Алматы қалаларында Solana халықаралық музыкалық фестивалі өтетінін мәлімдеген болатын. Фестивальге әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары Timbaland, Tyga және Nicole Scherzinger қатысады деп жоспарланған.