Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Flo Rida мен Nicole Scherzinger Қазақстанға келеді: Solana City жобасының мән-жайы

Flo Rida мен Nicole Scherzinger Қазақстанға келеді: Solana City жобасының мән-жайы

Қазақстанда халықаралық деңгейдегі жаңа туристік жоба таныстырылды

QazMonitor Logo
telegram / qaztourism
telegram / qaztourism

Қазақстанда event-туризм (іс-шаралық туризм) саласы инвестициялық тартымдылықтың жаңа драйверіне айнаып келеді. Мамырда Астана мен Алматыда әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ауқымды музыкалық фестиваль өтіп, оған елімізге көршілес мемлекеттерден мыңдаған туристерді тартады деп күтілуде, деп хабарлайды QazMonitor.

«Kazakh Tourism» компаниясының мәліметінше, екі қалада өтетін концертте Flo Rida, Nicole Scherzinger, Busta Rhymes, Timbaland және Keri Hilson сияқты әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді.

Компанияның басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлының айтуынша, «Kazakh Tourism» туроператорлардың қатысуымен пакеттелген туристік ұсыныстарды әзірлеу үшін штаб құрады.

«Бұл Қазақстан өңірлерінен және шетелдік қонақтарға концертті экскурсиялармен және туристік локациялармен танысумен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе өз тиімділігін дәлелдеп, өткен жылы сәтті түрде қолданылды», Даниел Сержанұлы.

Әр қаладағы көрермендердің жалпы саны шамамен 30 мың адам болады деп жоспарланып отыр. Бүгінде Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және РФ тұрғындары бұл концерттерге билет сатып алған.

«Solana City жобасы бір аумақта халықаралық деңгейдегі іс-шараларды біріктіреді. Фестивальдер мен концерттерден тыс уақытта туристік қала ел тұрғындары мен қонақтары үшін жыл бойы қызмет етеді. Жоба аясында этноауылдар, кемпингтер, глэмпингтер, гастрономиялық кеңістіктер, қолөнер аймақтары және арт-инсталляцияларды орнату жоспарлануда. Жобаны аясында 1000-ға дейін жаңа жұмыс орны құрылады», деді «Solana» компаниясының басшысы Жанар Байғозина.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.