Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

Елде халықаралық музыкалық шоулар саны артып келеді

QazMonitor Logo
Free Press Journal
Free Press Journal

Әлемге танымал испан әншісі Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт өткізеді. Бұл туралы билет сату сервисі мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Концерттің нақты күні мен өтетін алаңы кейінірек жарияланады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоу ауқымды халықаралық тур аясында жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Kazakh Tourism Астана мен Алматы қалаларында Solana халықаралық музыкалық фестивалі өтетінін мәлімдеген болатын. Фестивальге әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары  Timbaland, Tyga және Nicole Scherzinger қатысады деп жоспарланған.

Соңғы жылдары Қазақстан ірі концерттік іс-шаралар өтетін өңірлік алаңға айналып келеді. Мәселен, 2025 жылы елде америкалық поп-жұлдыз Jennifer Lopez және аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы концерт беріп, мыңдаған көрермен жинаған еді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.