Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Парижде қазақ өнері мен дәстүрі көрерменге ұсынылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 25 мамыр, 2026 | 11:44
1 мин. - оқу уақыты

Парижде қазақ өнері мен дәстүрі көрерменге ұсынылды

Шара барысында Сыр өнерпаздары концерт ұсынып, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Парижде Қазақстанның Франциядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Еуропа қазақтарының басқосуы өтті, деп хабарлайды QazMonitor.

Жиынға Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, Түркия Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Рашида Юксель, Қазақ-француз-түрік қауымдастығының төрағасы Режеп Гюнай, «Отандастар» қорының вице-президенті Әлібек Жұрқадам, сондай-ақ қазақ диаспорасының мүшелері қатысты.

Басқосу аясында Сыр елінің өнер шеберлері көрермендерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық өнерін паш еткен кеште күй мен жыр, дәстүрлі ән мен патриоттық шығармалар орындалып, шетелдегі ағайынға туған елдің рухы жеткізілді.

Ұлттық нақышқа толы кеште көрермендер қазақ өнерінің терең тамыры мен рухани құндылықтарына қанығып, ерекше әсер алды. Сыр сүлейлерінің мұрасын дәріптеген өнерпаздар Еуропа төрінде қазақ мәдениетінің беделін арттырды.

Сонымен қатар, шара аясында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Онда қазақтың дәстүрлі өнері мен ата-бабадан жеткен мұралар таныстырылып, ұлттық нақыштағы бұйымдар, қолдан жасалған кәдесыйлар мен зергерлік туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.