Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Парижден Астанаға дейінгі шытырман: Pékin Express финалы елордада түсірілді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 30 желтоқсан, 2025 | 16:08
1 мин. - оқу уақыты

Парижден Астанаға дейінгі шытырман: Pékin Express финалы елордада түсірілді

Франция телеарнасы түсірген жобада қысқы Астананың келбеті көрсетіледі

gov.kz
gov.kz

Францияның M6 телеарнасы түсірген халықаралық шытырман оқиғалы Pékin Express жобасының жаңа маусымы көрерменге жол тартты. Ерекшелігі – маусымның финалдық кезеңі Астанада түсірілген, деп хабарлайды QazMonitor.

Елорда әкімдігі сайтының хабарлауынша, жобаның премьерасы 2025 жылғы 7 қарашада өтті. Бағдарлама әр жұма сайын сағат 21:10-да M6 арнасында көрсетіледі, сондай-ақ M6+ цифрлық платформасында қолжетімді. Францияда Pékin Express дәстүрлі түрде прайм-таймда жоғары рейтинг жинайды: маусым бойынша орташа аудиториясы 2–3 млн адам, ал жекелеген эпизодтарды 4 млн-ға дейін көрермен тамашалайды.

Pékin Express – бельгиялық Eccholine телекомпаниясы әзірлеген халықаралық формат. Жоба бүгінде 15-тен астам елде, соның ішінде Франция, Испания, Италия және Бельгияда көрсетіледі. Телевизиялық эфирден бөлек, онлайн-көрілімдер мен әлеуметтік желілердегі контент жобаның қосымша аудиториясын қалыптастырады.

2025 жылғы маусым «La Route des Glaces» («Мұз жолы») атауымен өтті. Түсірілімдер толығымен қыс мезгілінде жүргізіліп, бұл жобаның тарихындағы ең күрделі маусымдардың бірі саналады. Финалдық сынақтар мен жеңімпаздарды анықтау рәсімі Астанада ұйымдастырылды. Түсірілім тобы елорданың негізгі мәдени және сәулеттік нысандарында жұмыс істеп, эфирде қаланың қысқы панорамасы, көлік инфрақұрылымы мен заманауи қоғамдық кеңістіктері кеңінен көрсетіледі.

Әкімдік финалдық эпизодтардың M6 арнасындағы прайм-таймда көрсетілуі, цифрлық платформалардағы таралымы және медиа жарияланымдар Қазақстанға шетелдік аудиторияның қызығушылығын арттыруы мүмкін екенін атап өтті. Бұл Астананың туристік бағыт әрі халықаралық тележобалар үшін тартымды алаң ретіндегі имиджін күшейтеді.

Франциядағы танымал тревел бағдарлама жаңа қысқы маусымын Қазақстанға арнағанын хабарлаған едік. Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты. Гуанчжоу телеарнасы Қазақстан туралы халықаралық тревел-жоба түсіріп жатыр

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.