Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Гуанчжоу телеарнасы Қазақстан туралы халықаралық тревел-жоба түсіріп жатыр

Гуанчжоу телеарнасы Қазақстан туралы халықаралық тревел-жоба түсіріп жатыр

Қытайлық тележоба Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және мәдени байланысты нығайтуға бағытталған

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Гуанчжоу радио және теледидары Қазақстан аумағында «Make Friends in the Silk Road» атты халықаралық жобаның түсірілімін бастады. Деректі тревел-шоу форматында ұсынылатын бағдарлама Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға арналған, деп хабарлайды Kazakh Tourism.

Аталған жоба цифрлық платформаларда кеңінен танымал болып, миллиондаған көрермен жинаған «Гонконг жастары шекара маңындағы қалаларда» деректі жобасының жалғасы саналады.

Жобаға Қазақстан мен Қытайдан келген жас блогерлер қатысуда. Олар жеке тәжірибелері арқылы екі елдің туристік әлеуетін, мәдениетін, дәстүрлерін және қазіргі жастардың құндылықтарын таныстырады.

«Биыл біз Қытайдың ең ірі шаһарларының бірі – Гуанчжоумен туристік ынтымақтастықты нығайттық. Екі елдің туроператорлары арасында B2B-кездесулер өтті, ҚХР туристік индустриясы өкілдері үшін ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы Гуанчжоу – Алматы бағытында тікелей әуе рейсін ашты. Қытай нарығындағы жүйелі жұмысымыз тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Биылғы 11 айда Қазақстанға ҚХР-дан келген туристер саны 876 мыңнан асты. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 655 мың адамды құраған болатын. Мұндай жобалар Қазақстанның Азиядағы негізгі туристік нарықтардың біріндегі қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

Қазақстандағы түсірілімдер Алматы мен Астананың негізгі туристік және мәдени нысандарын қамтиды. Алматыда шығармашылық топ қалалық орта, гастрономиялық мәдениетпен танысып, Шымбұлақ тау-шаңғы курортына барды. Ал Астанада жоба шетелдік аудиторияға елорданың заманауи сәулеті, серпінді дамуы мен инфрақұрылымын таныстырады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.