Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты

Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты

Халықаралық басылым Алматының туристік тартымдылығы мен жыл бойғы сұранысын жоғары бағалады

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз орнын нығайтып келеді. Халықаралық Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне қосты.

Беделді басылым Алматы қаласының туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударады. Bloomberg қалалық мәдениет, бай тарихи мұра, гастрономия және табиғи ландшафттарға жақындығын қаланың басты артықшылықтары ретінде атап көрсеткен.

«Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді және 2025 жылдың 9 айында рекордтық 2,5 миллион адам болған. Кейбірі алтын күмбезді Зенков соборын, дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл базардың сауда қатарларын көру үшін келеді. Басқалары қаланың бетон құрылысы артында менмұндалайтын Іле Алатауы тауларындағы көгілдір көлдер мен тау шаңғысы беткейлерін бетке алады», – деп жазады басылым.

Сонымен қатар Bloomberg Алматыдағы демалыстың маусымдық әртүрлілігіне ерекше назар аударады. Қыс мезгілінде туристерге Шымбұлақ тау шаңғысы курортына бару ұсынылады.

«Bloomberg нұсқасы бойынша Қазақстанның әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізілуі – маңызды халықаралық мойындау және қаланың танымалдығын арттыру бойынша Visit Almaty жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл елдің жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық аудиторияның Қазақстанға қызығушылығының артқанын көрсетеді. Соңғы жылдары еліміз жетекші әлемдік БАҚ рейтингтерінде жиі еніп келеді», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

Айта кетейік, Bloomberg жыл сайынғы рейтингісі туристік трендтерді талдау және туризм саласындағы сарапшылардың бағалауы негізінде қалыптастырылады.

Дереккөз: Kazakh Tourism

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.