Түркістан облысының жолдарында цифрлық бақылау күшейді, енді тәртіп сақшылары ереже бұзушыларды тек патрульдік көліктен емес, әуеден де аңди бастады, деп хабарлайды QazMonitor.
Өңір полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді.
Сайрам ауданы полицейлері дрон көмегімен бірқатар құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, жарық шамдарын жақпай көлік басқару және қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 5 дерек тіркеліп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Сонымен қатар Манкент ауылында автокөлік жүргізушісі жолда, қарсы бағытқа шығып, басып озу қағидаларын бұзғаны анықталды. Аталған дерек бойынша әкімшілік шара көріліп, көлік айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.