Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Асығыс шешім шығармау керек: Бөлекпаев резонансты оқиғаға қатысты пікір білдірді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 26 қаңтар, 2026 | 14:09
1 мин. - оқу уақыты

Асығыс шешім шығармау керек: Бөлекпаев резонансты оқиғаға қатысты пікір білдірді

Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға қатысты тексеру жүргізіледі

 instagram /serik_sapiyev
instagram /serik_sapiyev

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру және спорт басқармасында орын алған оқиғаға байланысты пікір білдіріп, аталған мәселеге қатысты асығыс баға беріп, жедел қорытынды жасамауға шақырды, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар ол барлық мемлекеттік қызметшілердің заң талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы қажеттігіне ерекше назар аударды.

Еске салсақ, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Серік Сәпиев пен орынбасары арасында жанжал туындаған. Сәпиевтің аталған жағдайға байланысты полицияға арызданғаны белгілі болды.

Кейін Олимпиада чемпионы ықпалды адамдар тарапынан облыс спортындағы кадр саясатына қысым жасалғанын мәлімдеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.