Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Астанада көмірді қайдан және қандай бағамен сатып алуға болады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 16 қыркүйек, 2026 | 16:12
1 мин. - оқу уақыты

Астанада көмірді қайдан және қандай бағамен сатып алуға болады

Елордада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны және 10 қойма жұмыс істейді

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Аталған нысандарда көмір сатумен 8 компания айналысады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал көшесі, 28/2; Мақат көшесі, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; Мақат көшесі, 4/1; 70-проезд, № 9А; ЖЭО-2; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28; Герцен көшесі, 6Б.

Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы:

Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге;

Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге;

Майкүбі — тоннасына 16 800 теңге.

Сонымен қатар 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы тұрғындар көмір қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы жедел ақпарат ала алады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.