Оқу орны заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған және Ахмет Ясауи ілімін зерттеуге басымдық береді, деп хабарлайды QazMonitor.
Жаңа институтта Түркістан облысының ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген дін қызметкерлері біліктілігін арттыра алады. Сондай-ақ шара барысында облыс әкімдігі ҚМДБ-ның өңірлік өкілдігіне қызметтік автокөлік табыстады.
Жалпы аумағы 1250 шаршы метрді құрайтын Ислам институтында 90 орындық оқу залы мен 40 орындық кітапхана, сондай-ақ жатақхана мен асхана қарастырылған.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 745 мешіт пен 1400-ден астам дін қызметкері бар.