Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Евгений Кошкин Нидерландыдағы «Күміс шар» турнирінде чемпион атанды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 12 наурыз, 2026 | 15:45
1 мин. - оқу уақыты

Евгений Кошкин Нидерландыдағы «Күміс шар» турнирінде чемпион атанды

Бұған дейін спортшы Милан Олимпиадасына қатысқан болатын

Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландының Леуварден қаласында өткен «Күміс шар» турнирінде жеңіске жетті. Ол бұл жарыста екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр, деп хабарлайды QazMonitor.

100 метр қашықтықтағы финалдық жарыста қазақстандық спортшы нидерландтық қарсыластары Стефан Вестенброек пен Матс Ван Ден Бостан озып шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Евгений Кошкин – 9,56 секунд, Стефан Вестенброек – 9,69 секунд ал Матс Ван Ден Бос – 9,82 секунд нәтиже көрсетті.

Турнирге сондай-ақ Джордан Штольц және Еннинг Де Бо секілді әлемдік деңгейдегі спортшылар да қатысты. Джордан Штольц – Олимпиада чемпионы, ал Еннинг Де Бо – биылғы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Евгений Кошкин 2025 жылы да осы турнирде жеңіске жетіп, «Күміс шарды» иеленген алғашқы қазақстандық спортшы атанған болатын.

Сондай-ақ ол өткен айда өткен Миландағы қысқы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта жүлдеге таласып, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.