Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 31 наурыз, 2026 | 18:25
1 мин. - оқу уақыты

Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды

Қазақстан спортшыларына 18 түрлі киім берілді

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт киіммен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілін іске асыра бастады, деп хабарлайды QazMonitor.

Биыл спортшыларды киіммен қамтамасыз ету спорт маусымы бойындағы барлық қажеттіліктерді толық қамтитын жаңартылған тәсілдер негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жарысқа арналған формамен қатар, спортшыларға жаттығу үдерісі мен жарысқа дайындыққа қажетті киімдер де беріледі.

Бұған дейін қамтамасыз ету ішінара сипатта болған. Мысалы, жазғы спорт түрлері тек жазғы киіммен ғана қамтылатын. Ал биыл әрбір спортшыға қысқы және жазғы жиынтықты қамтитын толық киім кешені ұсынылды.

Экипировка халықаралық Under Armour брендімен жасалған келісім аясында жеткізілуде. Жиынтық құрамына спорттық киімнің негізгі элементтерін қамтитын 18 түрлі атау кіреді. Атап айтқанда, үш аяқ киім, төрт спорттық костюм, үш жейде, қыстық сыртқы киім, кеудеше және тағы басқа спортшыға ең қажетті киімдер бар.

Қазіргі таңда форма жеңіл атлетика, бокс, дзюдо, семсерлесу, шорт-трек және өзге де спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың бірқатарына табысталды.

Ведомство экипировка бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынғанын мәлімдеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.