Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Абай облысында «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы аумағында заманауи визит-орталық құрылады
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 06 тамыз, 2026 | 17:25
1 мин. - оқу уақыты

Абай облысында «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы аумағында заманауи визит-орталық құрылады

Өңірде жүзеге асыруды жоспарлап отырған «Abay Kunanbayuly Visitor Center» жобасы туралы белгілі болды

Фото: Абай облысы әкімдігі
Фото: Абай облысы әкімдігі

Жоба аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы аумағында заманауи визит-орталық құру көзделіп отыр. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Инвестициялық жобаның құны 500 млн теңгені құрайды. Оны іске асыру барысында 40 жаңа жұмыс орнын ашу және тәулігіне 1000 адамға дейін қабылдай алатын туристік инфрақұрылым қалыптастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мәдени-туристік нысанды тиімді басқару үшін «Pana Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру және жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Жоба Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына тиесілі жалпы ауданы 532,8 шаршы метр қолданыстағы ғимаратты реконструкциялау арқылы жүзеге асырылады. Жоспарға сәйкес шамамен 200 шаршы метр аумақта визит-орталығы бар кофехана орналасса, қалған бөлігі қонақүй нөмірлеріне бейімделмек. Қонақүйдің нөмірлік қоры шамамен бес бөлмені құрайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.