18 наурызда Алматы қаласының бірнеше мұз айдынында ұлттық киіммен тегін коньки тебу шарасы өтеді, деп хабарлайды QazMonitor.
Мүзда жаппай сырғанау шарасы сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» кешендерінде ұйымдастырылады. Қатысушылар міндетті түрде ұлттық киіммен келуі тиіс. Конькиді келушілер өзімен бірге алып келеді немесе сол жерден жалға алса болады.
Жаппай сырғанау балалар, ересектерге мен отбасыларға арналған. Ұйымдастырушылар кешті достар және жақындармен бірге мұз үстінде өткізу үшін ерекше мерекелік атмосфера жасауға уәде беріп отыр.
«Қатысудың басты шарты — ұлттық киім. Конькиді өзіңізбен бірге әкелуге немесе сол жердегі прокат қызметін пайдалануға болады», деп хабарлады Алматы қаласының спорт басқармасы.