Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 05 желтоқсан, 2025 | 10:38
1 мин. - оқу уақыты

Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді

Биыл – театр ұжымы 50 жылдығын атап өтті

gov.kz/ Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев
gov.kz/ Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысындағы Бикен Римова атындағы драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл ұсынысты биыл 21 мамырда Мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы айтқан болатын.

Талдықорған театрына бұл мәртебені беру туралы қаулыға Премьер-Министр қол қойған.

Атап өтсек, Талдықорған театрының негізі 1975 жылы қаланған, биыл 50 жылдығы аталып өтілді. Өнер ұжымы театр шымылдығын алғаш рет Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасымен ашқан болатын. Бүгінде театрда Алмахан Кенжебекова, Әлихан Ыдырышева, Лидия Каденова, Дулыға Ақмолда секілді Қазақстанның халық артистері бар. Театрда жалпы 145 адам еңбек етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.