Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 19 ақпан, 2026 | 15:05
1 мин. - оқу уақыты

Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінді

Дүмпу ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында аумағында болды

freepik
freepik

Бүгін Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді. ҚР ТЖМ Сейсмология институтының сейсмикалық станциялар желісімен сілкініс 19 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 14:09-де тіркелген, деп хабарлайды QazMonitor.

Жерсілкінісі ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 км. жерде орналасқан

Ведомствоның мәліметінше, жер асты дүмпулерін Алматы облысының тоғыз елді мекенінің тұрғындары сезінді. Есептік қарқындылығы (баллмен) :

Алматы обл. Райымбек ауд. Нарынқол ауылы 3 б.,66 км

Алматы обл. Кеген ауд. Кеген ауылы 3 б.,137 км

Алматы обл. Кеген ауд. Жалағаш ауылы 2 б.,176 км

Алматы обл. Кеген ауд. Саты ауылы 2 б.,193 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Көкпек ауылы 2 б.,201 км

Жетісу обл. Панфилов ауд. Жаркент қ. 2 б.,224 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы 2 б.,238 км

Алматы обл. Ұйғыр ауд. Ж. Қайыпова ауылы 2 б.,266 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Маловодное ауылы 2 б.,268 км

Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Түрген ауылы 2 б.,269 км

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеу;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбау;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұру;

4. Жасырынатын жерді табу - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыну;

5. Ғимараттан шығу (төменгі қабаттарда);

- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығу;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіру;

7. Дабыл жол сандығын алу (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болу;

9. Қайталама жер сілкінуіне дайын болу;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу қажет.

Еске салсақ, екі күн бұрын Алматыдан шығысқа қарай 74 км жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.