Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Биыл Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа 6 ақылы жол пайда болады?

Биыл Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа 6 ақылы жол пайда болады?

Республикадағы ақылы жолдардан түскен табыс 87 млрд теңгеге жетті

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Биыл Қазақстанда қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» компаниясы басшысы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлайды QazMonitor.

Жаңа ақылы учаскелер қатарында «Қарағанды–Балқаш–Бұрылбайтал» (554,6 км, «Бұрылбайтал–Күрті» (226,4 км), «Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат» (89 км), «Талдықорған–Өскемен» (773 км), «Атырау–Астрахань» (277 км), «Мерке–Шу–Бұрылбайтал» (78 км) бар.

Компания басшысының айтуынша, ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілген. Бүгінгі күні 14 учаскеде (477 км) жалпы көлемі 1 млн 100 мың шаршы метр ақау тіркелген, ондағы жөндеу жұмыстары биылғы жол-құрылыс маусымында басталады.

«Азаматтардың өтініші бойынша төлем мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылмақ. Қазіргі таңда бұл өзгерістерді мемлекеттік органдар келісімдеуде», деді Дархан Иманашев.

Айта кетейік, қазір республикада ұзындығы 4900 шақырым болатын 26 ақылы жол учаскесі бар. Былтыр одан 87 млрд теңге кіріс түскен, (2024 жылы – 48 млрд теңге). Бұл қаржыға 1 мың 456 арнайы техника мен жабдықтар сатып алынып, 354 мың шаршы метр жол жабынына ағымдағы жөндеу жүргізілді және 340 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал себілді.


The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.