Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу индексінде үш сатыға көтерілді, деп хабарлайды QazMonitor ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
Sustainable Development Report 2026 рейтингінде ел 169 мемлекеттің арасында 67-орынға ие болды. Былтыр Қазақстан 167 елдің ішінде 70-орында тұрған.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биылғы рейтингте Қазақстан G20 елдерінің қатарындағы Индонезия, Мексика, Түркия, Үндістан және Сауд Арабиясын басып озған.
Ең жоғары ілгерілеу «Таза су және санитария» бағыты бойынша тіркелді. Ауызсумен жабдықтаудың базалық қызметтеріне қолжетімділік 95,4%-дан 97,8%-ға дейін артқан. Сонымен қатар тұщы су алу көлемі мен су ресурстарын көп қажет ететін импорттық тауарлардағы су ізі қысқарған. Министрлік әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, инновацияны қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру бағыттарында да оң динамика барын атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын мемлекеттік саясатқа енгізу бойынша SDSN сараптамалық сауалнамасына қатысқан Орталық Азиядағы жалғыз ел атанды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Dealroom нұсқасы бойынша ІТ-нарығы ең қарқынды дамып келе жатқан экожүйелердің ондығына енген. Сонымен қатар ел Government AI Readiness Index 2025 рейтингінде 60-орынға тұрақтап, әлемнің 40 ірі экономикасының қатарына кірді.