2025 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ұлттық волонтерлік желі «Kazakhstan for Animals» жобасын жүзеге асырды. Жоба жануарларға гумандық және жауапты көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ зооволонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталды.
Бастамаға еліміздің 20 өңірінен 1612 азамат қатысып, жеті мектепте волонтерлік клубтар ашылды. Серіктес ұйымдармен бірлесіп 20-дан астам іс-шара өткізілді.
Волонтерлердің әлеуетін арттыру үшін арнайы базалық оқу бағдарламасы жасалып, 886 қатысушы оқуды толық аяқтады. Сонымен қатар жануарларға қамқорлық тақырыбында балаларға арналған кітаптар, комикстер және анимациялық шығармалар авторлары арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Жоба Қазақстанда зооволонтерлік қозғалысты кеңейтуге және жануарларға қамқорлық мәдениетін нығайтуға ықпал ететін маңызды бастама ретінде бағалануда.
Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі