Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Заңғар Нұрланұлы Australian Open жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шықты
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 30 қаңтар, 2026 | 10:55
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Заңғар Нұрланұлы Australian Open жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші ел тарихында алғаш рет бұл кезеңге жолдама алды

olympic.kz
olympic.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Заңғар Нұрланұлы Мельбурн қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 12-орында тұрған қазақстандық спортшы ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонды (ITF Juniors – 48) үш сетке созылған кездесуде 3:6, 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сындағы алғашқы жартылай финалисі атанды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.