Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды QazMonitor.
Олардың арасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров бар. Ол өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша (29 қатысушы):
1.Илья Малинин (АҚШ) - 108.16 ұпай;
2.Юма Кагияма (Жапония) - 103.07 ұпай;
3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)
4.Даниэль Грассль (Италия) - 93.46 ұпай алды.
Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді.