Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Қазақстандық үш фристайлшы Олимпиада финалына жолдама алды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 12 ақпан, 2026 | 10:48
1 минуттан кем мин. - оқу уақыты

Қазақстандық үш фристайлшы Олимпиада финалына жолдама алды

Галышева, Городко және Әмренова шешуші кезеңге өтті

Тұрар Қазанғапов
Тұрар Қазанғапов

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды QazMonitor.

Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева 73.08 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады. Анастасия Городко 71.52 ұпаймен 7-сатыдан көрінді. Ал Аяулым Әмренова 68.98 ұпай еншілеп, үздік ондықты түйіндеді.

Осылайша, қазақстандық үш фристайлшы да финалдық кезеңге жолдама алды. Шешуші жарыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.