Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Туризм
  3. Балқаш көлінде алғаш рет «қысқы балық аулау фестивалі өтті
  1. Жаңалықтар
  2. Туризм
Astana, Kazakhstan • 23 ақпан, 2026 | 17:39
1 мин. - оқу уақыты

Балқаш көлінде алғаш рет «қысқы балық аулау фестивалі өтті

Balkhash Winter Fishing – 2026» жарысына қазақстандықтармен қатар шетелдік балықшылар қатысты

freepik
freepik

Жетісу облысында Балқаш көлі жағалауында алғаш рет «Balkhash Winter Fishing – 2026» қысқы балық аулау фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Фестивальге Астана, Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген әуесқой балықшылар қатысты. Сонымен қатар Үндістан мен Якутиядан келген тревел-блогерлер арнайы қонақ болды.

Фестивальдің мақсаты — өңірдің қысқы туристік әлеуетін таныстыру және Балқаш көлін жыл бойы саяхат жасауға қолайлы бағыт ретінде насихаттау. Шара барысында экологиялық жауапкершілік мәселесіне де назар аударылды.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Сәкен Түкібаевтың айтуынша, өңірде Балқаш жағалауын дамыту бойынша бірқатар инфрақұрылымдық шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, көлік жолы мәселесі шешіліп, Бас жоспар мен жағалау аймағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген. Сонымен бірге инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, санитарлық жағдайды жақсарту және қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Фестиваль аясында қатысушылар мұз үстінде төрт сағат бойы балық аулады. Ұйымдастырушылар жел өтпейтін шатырлар тігіп, қармақ пен жем ұсынып, мұзды бұрғылауға көмектесті. Қатысушыларға ыстық шай беріліп, жылынып алу үшін киіз үй орнатылды.

Жарыста бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталды: алғаш ұсталған балық үшін «Балқаш олжасы», ең ірі балық үшін «Алтын олжа», ең көп балық аулаған қатысушыға «Мұз патшасы» атағы берілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.