Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Алматыда Ұлт театрына арналған көрме ашылды

Алматыда Ұлт театрына арналған көрме ашылды

Экспозиция Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды

QazMonitor Logo
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрмеде Алматы музейі мен Қазақ ұлттық драма театры музейінің қорынан алынған театр тарихына қатысты архивтік құжаттар, фотосуреттер және 1940 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі спектакль афишалары ұсынылған, деп хабарлайды QazMonitor Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

Экспозицияда қазақ театр өнерінің көрнекті өкілдері киген сахналық костюмдерге де ерекше орын берілген. Атап айтқанда, Асанәлі Молдабековтің «Ваня аға» спектакліндегі, Шолпан Жандарбекованың «Ақан сері – Ақтоқты» қойылымындағы, Зәмзәгүл Шәріпованың «Отелло» спектакліндегі Дездемона бейнесіндегі, сондай-ақ Тұңғышбай Жаманқұловтың Абылай хан рөліндегі сахналық киімдері көрермен назарына ұсынылды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрменің мақсаты – ұлттық театрдың ғасырлық шығармашылық жолын таныстыру, қазақ театр өнерінің даму кезеңдерін көрсету және жас ұрпақтың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Көрмені ақпан айының соңына дейін тамашалауға болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.