Қазақстандағы маңызды тарихи-мәдени нысандардың бірі - Жаркент мешіті мен Вознесенских соборов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне ангізілді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Жзды, деп хабарлайды QazMonitor.
«Бұл нысандардың тізімге бірге ұсынылуы Қазақстанда мәдени әралуандықтың бар екенин аңғартады», деп жзды әлеуметтик желидегі парақшасында.
Айта кетейік, Жаркент мешіті – XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші. Ғимарат 1895 жылы қытайлық сәулетші Хон Пике жобасымен салынған. 1982 жылдан бері республикалық маңызы бар тарихи және сәулет ескерткіші ретінде мемлекет қорғауына алынған.
Нысан Орта Азия сәулет дәстүрінде тұрғызылғанымен, оның құрылымында будда ғибадатханаларына тән элементтер де кездеседі. Мешіттің басты ерекшелігінің бірі — ағаш конструкцияларын құрастыру барысында шегенің қолданылмауы.
Ал Вознесенск соборы – Алматы қаласындағы ең танымал тарихи және сәулет ескерткіштерінің бірі. Ол Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ағаштан салынған ең биік православ храмдарының қатарына жатады. Ғимарат 1904–1907 жылдары салынған, шегесіз ағаш конструкциялар қолданылған ерекше инженерлік шешімімен танымал.