Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Шымкенттегі дендросаябақта жаңа кітапхана ашылды

Шымкенттегі дендросаябақта жаңа кітапхана ашылды

Жоба жеке инвесторлар есебінен іске асты

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында заманауи кітапхана мен шахматшылар үйі ашылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Жоба жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асқан. Жаңа нысан саябақ инфрақұрылымын жаңартып, келушілер үшін демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.

Кітапхананың жалпы ауданы 280 шаршы метрді құрайды. Оның қоры 5 мыңнан астам әдеби, ғылыми және психологиялық бағыттағы кітаппен толықтырылған. Сонымен қатар келушілер үшін 180 шаршы метрлік ашық терраса қарастырылған.

Зияткерлік демалысқа басымдық беру мақсатында шахмат ойнауға арналған 50 шаршы метрлік арнайы аймақ жабдықталған.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.