Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. «Астана кештері» халықаралық өнер фестивалі аяқталды

«Астана кештері» халықаралық өнер фестивалі аяқталды

Фестиваль Оңтүстік Африканың әншісі Белинда Дэвидстің Уитни Хьюстон әндеріне арналған концертімен ашылды

QazMonitor Logo
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Астана Опера» театрында «Астана кештері» XV халықаралық өнер фестивалі өтті. Іс-шараны DEGDAR гуманитарлық қоры ұйымдастырды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестиваль Оңтүстік Африканың әншісі Белинда Дэвидстің Уитни Хьюстон әндеріне арналған концертімен ашылды. Кештің арнайы қонағы – италиялық рок әншісі Симоне Романато.

Өнер фестивалінің екінші күні Non-Stop OPERA бағдарламасының премьерасы өтті. Астана, Алматы және Ташкент театрларының тоғыз солисі 12 операдан 11 жеке ария мен алты дуэт орындады. Олардың қатарында Джоаккино Россинидің «Реймске саяхат» және Джузеппе Вердидің «Фальстаф» операларынан үзінділер болды. Оркестрге италиялық дирижер Этторе Пападиа жетекшілік етті. Алдағы уақытта бұл қойылымды «Астана Опера» театрының тұрақты репертуарына енгізу жоспарланып отыр.

Фестивальдің соңғы кешінде Беларусь дирижері Евгений Бушковтың жетекшілігімен оркестр Вивальди, Бах, Гендель және Марчеллоның шығармаларын орындады. Концертте француз гобойшысы Жером Гишар, флейташы Ержан Кушанов және Қазақстанның мемлекеттік FORTE TRIO триосы өнер көрсетті.

«15 жыл ішінде фестивальге мыңнан астам өнерпаз қатысып, көрермен саны 100 мыңнан асты. «Астана кештері» – еліміздің мәдени құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыруға және дүниетанымын кеңейтуге бағытталған бірегей жоба», – деді DEGDAR гуманитарлық қоры мен фестивальдің директоры Лаура Ахметова.

«Астана кештері» фестивалі қазақстандық көрермендерді әлемдік музыка өнерінің үздік үлгілерімен таныстырып, халықаралық мәдени байланысты нығайтуға ықпал етіп келеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.