Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Джеки Чан жаңа блокбастерін Маңғыстауда түсіреді
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 12 желтоқсан, 2025 | 13:26
1 минут - оқу уақыты

Джеки Чан жаңа блокбастерін Маңғыстауда түсіреді

«Доспехи Бога» фильмі өңірдегі туристік жерлерде түсіріледі

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды таңдады.

Жоба авторлары сапары кезінде өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, ондаған ықтимал түсірілім алаңдарын аралап, негізгі табиғи нысандарды жан-жақты зерделеді.

«Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін «Доспехи Бога» фильмінің түсірілім орны ретінде дәл Маңғыстау таңдалды. Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағалануда. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді», делінген облыс әкімдігі ақпаратында.

Сонымен қатар әкімдік аталған жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.