Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Еуроодақ X платформасын жаңа W әлеуметтік желісімен алмастыруды көздеп отыр

Еуроодақ X платформасын жаңа W әлеуметтік желісімен алмастыруды көздеп отыр

Платформаның механикасы қысқа мәтіндік жарияланымдарға негізделеді

QazMonitor Logo
wsocial.eu
wsocial.eu

Басты айырмашылығы - барлық деректер Еуроодақ аумағында сақталады, ал тіркелу үшін пайдаланушылар верификациядан өтуге тиіс.

Жаңа әлеуметтік желінің іске қосылатыны туралы eBay компаниясының құпиялылық мәселелері жөніндегі бұрынғы басшысы Анна Цейтер хабарлады. Ол сонымен қатар W платформасының бас директоры болып тағайындалды. LinkedIn желісіндегі жазбасында Цейтер жүйелі дезинформацияның кесірінен еуропалық қоғамға сөз бостандығы мен құпиялылыққа кепілдік беретін сенімді әлеуметтік желі қажет екенін атап өтті.

W жобасының негізінде қоғамдық пікірді басқаратын дезинформациямен және боттармен күрес жатыр. Ол үшін мемлекеттік жеке куәлік арқылы верификация қажет, бұл пайдаланушылар мен әкімшілердің аккаунт артында нақты адамдар тұрғанына сенімді болуы үшін жасалған.

Платформаның құрылуына X әкімшілігімен болған текетірес те әсер етті. Бұл әлеуметтік желі деректер ашықтығы туралы еуропалық заң талаптарын бұзғаны үшін 140 млн еуро айыппұл арқалаған болатын. Еуроодақ билігі платформаны Илон Маск сатып алғаннан кейін, желі жабық бола бастағанын және журналистер мен саяси қайраткерлер үшін тәуелсіз алаң болудан қалғанын айтты.

W атауы ағылшын тіліндегі We - «Біз» есімдігін білдіреді. Сонымен қатар, W әрпінің ішінде values және verified, яғни құндылықтар мен тексерілген дегенді білдіретін екі V әрпі жасырылған. Пайдаланушылар ағылшын әліпбиінде W әрпі X-тің алдында тұрғанына назар аударды, бұл Илон Масктың бәсекелес әлеуметтік желісінен идеологиялық басымдық пен алда болуды меңзеуі мүмкін.

Әлеуметтік желінің сайты қазірдің өзінде қолжетімді, бірақ тіркелу әзірге тек шақыру арқылы жүзеге асады. Профиль жасау үшін арнайы кіру кодын енгізу қажет.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.