Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Құрылыс саласы цифрландыруға көшуде: Біріккен портал мен BIM-технологиялар енгізілді

Құрылыс саласы цифрландыруға көшуде: Біріккен портал мен BIM-технологиялар енгізілді

Министр Ерсайын Нағаспаев Үкіметте мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен сапаны бақылауды цифрлық жүйеге көшіру барысын баяндады

QazMonitor Logo
Lucas Pezeta/Pexels
Lucas Pezeta/Pexels

Қазақстандағы құрылыс саласы цифрлық технологияларды енгізу арқылы жаңа деңгейге өтті. Жобалаудан бастап пайдалануға беру және қайта өңдеуді қамтитын барлық кезеңде инновациялық шешімдер қолданылуда, деп хабарлайды QazMonitor. Осы бағытты бекіту үшін жаңа Құрылыс кодексі қабылданып, биыл 9 қаңтарда қол қойылды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

«Құрылыс сапасын арттыру үшін салаға қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтіліп, лицензияларды электронды тексеру және инженерлерді кезең-кезеңімен сертификаттау енгізіледі, – деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ, құрылыс нормаларын жетілдіру үшін халықаралық стандарттарға сай келетін Ұлттық техникалық нормалау институты құрылмақ. Кодексті іске асыру аясында 138 нормативтік құқықтық актіні өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Градкадастрдың цифрлық базасы еліміздегі 89 қаланың жобаларын және инженерлік желілердің 94 пайызын қамтиды. Базада жалпы аумағы 824 мың гектар болатын жерлердің цифрлық топографиялық деректері де бар. Пилоттық жоба аясында бұл жүйе арқылы әкімдіктер 146 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде бастапқы рұқсат құжаттарын беру, эскиз жобаларды келісу және техникалық шарттарды беру кіреді.

«Рұқсат беру процесін сапалы автоматтандыру үшін әкімдіктерге қалалық жоспарлау құжаттарын жаңартуды жеделдету қажет. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыс қарқыны ең төмен өңірлер қатарына Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары кіреді», – деді министр.

Құрылыс саласында бірыңғай цифрлық платформа енгізілуде. Қазіргі уақытта салада үш негізгі ақпараттық жүйе жұмыс істейді, атап айтқанда:

1. Жоспарлау – Градкадастр жүйесі

2. Жобалық құжаттаманы сараптау – мемлекеттік сараптама үшін «E-PSD» жүйесі, жеке сараптама үшін «Сарапшылар палатасы» жүйесі

3. Құрылыс кезеңі – e-Qurylys жүйесі.

Бұрын бұл жүйелер дербес жұмыс істесе, енді барлық ақпараттық жүйелерді біріктіретін Біріккен құрылыс порталы құрылды. Порталға BIM-технологиялары енгізіліп, қазірдің өзінде 40-тан астам мемлекеттік қызмет автоматтандырылған. Жүйе объектілердің электрондық 3D-модельдерімен IFC нейтралды форматында жобаларды визуалды талдауға мүмкіндік береді, бұл жобалық шешімдердің сапасын автоматтандырылған түрде мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді.

«Біріккен портал арқылы отандық тауар өндірушілердің тізілімін ашық жүргізіп, құрылыс каталогындағы кодтар арқылы қолданылуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Биылдың бірінші тоқсанында жасанды интеллект арқылы құжаттардың толықтығын тексеру пилоттық режимде іске қосылады», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Бұл қадамдар құрылыс саласын цифрлық трансформациялауға, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға және жобалардың сапасын мемлекет деңгейінде бақылауға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.