Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Шығыс Қазақстандағы ауыл мектебі Google Reference School мәртебесін алды

Шығыс Қазақстандағы ауыл мектебі Google Reference School мәртебесін алды

Өрел мектебі цифрлық технологияларды енгізу бойынша әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді

QazMonitor Logo
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Өрел ауылының мектебі Google Reference School мәртебесіне ие болып, білім беру үдерісіне инновациялық шешімдерді енгізген әлемнің озық мектептері қатарына қосылды, деп хабарлайды QazMonitor.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Бұл жетістік aitas foundation корпоративтік қоры жүзеге асырған Digital Bala жобасының аясында мүмкін болды. 2025 жылы қор Google компаниясымен меморандумға қол қойып, нәтижесінде Қазақстанның 14 мектебі Google for Education бағдарламасына қосылған.

Жоба аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Stem Solutions компаниясы 20 тренер дайындап, олар 240 ауыл мұғалімінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізген. Бұл – Орталық Азияда Google for Education технологияларын енгізу бағытындағы алғашқы жоба.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Өрел мектебінің оқушылары Google құралдарын тегін пайдалана алады. Білім беру процесінде жасанды интеллект негізіндегі Gemini, NotebookLM, Canva сияқты сервистер кеңінен қолданылады. Оқушылар осы құралдар арқылы ғылыми және шығармашылық жобалар әзірлеп, сабаққа өздігінен дайындалуға мүмкіндік алған.

Сабақ барысында арнайы жеңіл әрі мобильді Google Chromebook құрылғылары пайдаланылады. Мұғалімдердің айтуынша, цифрлық шешімдер оқу процесін тиімді жоспарлауға және әр оқушының қабілетіне жеке көңіл бөлуге жол ашады.

Халықаралық сертификатты табыстау үшін өңірге Google for Education ұйымының Еуропа, Африка және Таяу Шығыс елдері бойынша өңірлік басшысы арнайы келді. Оның айтуынша, бұл мәртебе мектепке жаһандық инноватор-мектептер қауымдастығына қосылып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Инноватор-мектеп мәртебесін алу үшін педагогтар Google for Education бағдарламасы бойынша арнайы сертификаттаудан өткен. Оқу бағдарламасы өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып бейімделген.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Жобаның тағы бір серіктесі Lenovo компаниясы мектепке 91 Chromebook құрылғысын сыйға тартқан. Қазіргі таңда оқу процесі осы құрылғылар арқылы жүргізіліп, мектепте жасанды интеллект бағытындағы үйірмелер де ашылған.

Айта кетейік, Өрел ауылының мектебі 2019 жылдан бері «Aitas» холдингінің қолдауымен «Ауыл мектебі – Powered by NIS» жобасына қатысып келеді. Осы уақыт ішінде білім ордасының материалдық-техникалық базасы жаңартылып, мұғалімдер тұрақты түрде біліктілігін арттырып келеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.