Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді – Тоқаев

Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді – Тоқаев

Бұл норма кейінгі президентттер үшін де, өзгермейтін қағида болуы керек деп есептейді

QazMonitor Logo
 Tara Winstead/Pexels
Tara Winstead/Pexels

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша ұсыныс айтты, деп хабарлайды QazMonitor.

Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына берілетінін еске салды.Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді.

«Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет», деді ол.

Президент бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келетінін, әрі еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек екенін атап өтті. Бұл норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуы керек деді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.