Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент: Саудадағы кедергілер мен негізсіз протекционизмді жою жұмыстары жалғасады

Президент: Саудадағы кедергілер мен негізсіз протекционизмді жою жұмыстары жалғасады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің стратегиялық экономикалық серіктестерімен тиімді өзара әрекеттестік мәселесіне тоқталды

QazMonitor Logo
Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан экономикалық интеграцияны қолдайтынын үдеріске белсенді қатысатынын, бірақ ол біздің мүдделерімізге қатысты әділ сипатта болуы тиіс екенін жеткізді, деп хабарлайды QazMonitor.

«Қазақстан биыл Еуразиялық экономикалық одақтың төрағалығын атқарады. Біздің басымдықтарымыздың қатарында – еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллектіні кеңінен енгізу. Саудадағы кедергілер мен негізсіз протекционизмді жою бойынша жұмыс жалғасады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ауыл шаруашылығын өңдеу саласы негізсіз қысымға ұшыраған жағдайды қалыпты деп атауға болмайтынын атады.

«Отандық тамақ өнеркәсібі өкілдері ЕАЭО мүше мемлекеттерден субсидияланатын тауарлардың қысымымен өндірісті қысқартуға мәжбүр. Ал біз үшін бұл азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Үкімет ұлттық мүдделерді қорғау үшін белсенді жұмыс істеуі тиіс. Өзара мүдделердің әділ теңгерімін табу, Қазақстанның позициясын шебер, дәлелді түрде қорғау қажет. Тек осылайша біз экономикамызды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ете аламыз», – Қасым-Жомарт Тоқаев.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.