Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Инсульт пен обырды анықтауға ЖИ енгізіледі

Инсульт пен обырды анықтауға ЖИ енгізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ЖИ-сервистерді ел бойынша масштабтамақ

QazMonitor Logo
Pexels / Tima Miroshnichenko
Pexels / Tima Miroshnichenko

Басым бағыттардың қатарында инсультті, өкпе және сүт безі обырын ерте анықтау, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен стоматологиялық суреттерді талдау бар, деп хабарлайды QazMonitor. Аталған шешімдер қазірдің өзінде практикалық медицинада енгізіліп, ауқымы кеңейтіліп жатыр.

Қазіргі таңда отандық медицина мамандары бірнеше ЖИ-сервисті белсенді пайдаланады. Атап айтқанда, Cerebra жүйесі 5 өңірдегі II және III деңгейлі 9 инсульт орталығында қолданылуда. WDsoft шешімі 10 өңірдегі 190 медициналық ұйымға енгізілген. AIDENTIS платформасы 65 стоматологиялық клиникада және 3 медициналық жоғары оқу орнында пайдаланылып отыр. Ал ALIMA атты медицина қызметкеріне арналған ЖИ-ассистент еліміз бойынша 700-ден астам емханада қолданылады.

Сонымен қатар Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы көрсетілген медициналық қызметтерді автоматты мониторингтеу, клиникалық шешім қабылдауды қолдау, зертханалық талдаулардағы ауытқуларды анықтау және дәрігер мен пациентті хабардар ету үшін ЖИ-агенттерін әзірлеуде. Сондай-ақ медициналық ұйымдар мен сұранысқа ие мамандар туралы өзекті ақпаратты ұсыну көзделген.

Жобаларды іске асыру барысында сегіз графикалық процессорды қамтитын бөлінген есептеу ресурстары пайдаланылады, сондай-ақ API-интерфейстерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Алдағы уақытта SmartЭКГ шешімдері негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау бойынша жобаларды енгізу үшін жасанды интеллект құралдарын қолдану жоспарланып отыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.