Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент алаяқтыққа қарсы жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырды

Президент алаяқтыққа қарсы жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы қаржылық пирамидаларға қатысушыларға құқықтық жауапкершілік енгізу мәселесін қарастыруды көздеп отыр

QazMonitor Logo
Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткізген кеңесте алаяқтардың пирамидаларды түрлі қаржылық құралдар түрінде жасырып, соның салдарынан қазақстандықтар қырағылығын жоғалтып, өз жинақтарынан айырылып жатқандығына тоқталды, деп хабарлайды QazMonitor.

«Агенттік қаржы пирамидаларымен белсенді күрес жүргізіп жатыр. Тек былтырдың өзінде 140-тан астам қылмыстық іс тергеліп, жарты миллионнан аса адамның қаржысын тартпақшы болған 15 мың сайт пен 123 чат жабылды. Алайда қабылданып жатқан шаралар да, түсіндіру жұмыстары да жағдайды түбегейлі өзгерте алмай тұр. Әйтсе де оң үрдіс бар. Неге? Өйткені алаяқтар пирамиданы түрлі қаржы құралдары сияқты ұсынады. Ал азаматтар олардың арбауына түсіп, бар тапқан-таянғанынан айырылып қалып жатыр», – деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қаржылық пирамидаларға қатысушыларға құқықтық жауапкершілік енгізу жөніндегі түзетулерін қолдауға дайын.

«Мәселені қарастырыңыздар. Осы тектес батыл шешімдер қабылдамасақ, ахуалдың оңала қоюы екіталай. «Баяғы жартас – сол жартас» күйінде қала береді», – деп атап өтті президент.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.