Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. АЭА мен индустриялық аймақтардың инфрақұрылымына 1 трлн теңге инвестиция тартылады

АЭА мен индустриялық аймақтардың инфрақұрылымына 1 трлн теңге инвестиция тартылады

Арнайы экономикалық аймақтардағы инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 53% жеткен

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды QazMonitor.

Оның айтуынша, қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақтардағы инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі – 53%, ал индустриялық аймақтарда – 48% құрайды. Экономиканың өсу қарқыны инфрақұрылымды жедел дамытуды талап етеді.

Осыған байланысты Үкімет АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен толық қамтуға бағытталған қажетті шешімдерді қабылдады.

«Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады», деді Бектенов.

Бұған дейін ол 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өскенін айтқан еді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.