Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға қосымша 12 рейс ұйымдастырылды

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға қосымша 12 рейс ұйымдастырылды

Әуе компаниялары сұраныстың артуына байланысты қосымша рейстер ұйымдастырды

QazMonitor Logo
Mathew Browne/Pexels
Mathew Browne/Pexels

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін Air Astana, SCAT және Flydubai әуе компаниялары қосымша рейстер ұйымдастырды, деп хабарлайды QazMonitor Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілген.

5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды. Атап айтқанда Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.

SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады. Ал Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңынадейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.

Бұған қоса Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр, қазір жолаушылар саны нақтыланып жатыр.

3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға барлығы 12 рейс ұшып келіп, 2111 отандасымыз елге оралды. Бүгінге жоспарланған рейстердегі жолаушыларды қосқанда Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға жеткізілген азамататтардың саны 4000 жуықтайды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.