Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. 2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма?

2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма?

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында баға саясаты қалай өзгермек?

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова 2026-2027 жылдарға арналған өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды QazMonitor.

Ләззат Ибрагимова баға болжамын жасауда ең алдымен демографиялық факторға сүйенеді. Оның дерегінше, 2000-шы жылдардың басынан басталған туу көрсеткішінің өсуі қазір нарықтағы сұраныстың негізгі қозғалтқышына айналып отыр. 2000 жылы елімізде 222 мың сәби дүниеге келсе, 2007 жылға қарай бұл көрсеткіш 321 900-ге дейін өскен.

«2000-шы жылдардан бастап туған балалар қазір нарыққа келеді. Олар тұрғын үй нарығында өте жоғары сұранысты қалыптастырып отыр», деді ол Үкімет отысынан кейін өткен баспасөз конференциясында.

«Отбасы банк» басшысының мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 120 мыңнан 130 мыңға дейін жаңа неке тіркеледі. Тіпті көрсеткіш төмендеді деген өткен жылдың өзінде 114 500-ден астам жұп шаңырақ көтерген. Кез келген жаңа отбасының алғашқы жоспары  – баспаналы болу. Сондықтан 2000-2009 жылдар аралығындағы демографиялық серпіліс алдағы 2026-2027 жылдары да сұраныстың жоғары болуына тікелей әсер етеді.

Баға төмендей ме, әлде өсе ме?

Көпшілікті мазалайтын «Баға арзандай ма?» деген сұраққа Ләззат Ибрагимова «Бағаның төмендеуі болмайды, бұл нақты» деп кесімді жауап берді.

Сонымен қатар ол қайталама нарықта бағаның күрт өсуі байқалмауы мүмкін, бірақ тоқырау (стагнация) болуы ықтимал екенін атап өтті. Ал бастапқы нарықта (жаңа салынған үйлер – ред) пәтерлердің бағасы құрылыс материалдарының құнына және құрылысшылардың жалақысына тікелей байланысты болады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.