Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS

STOCKS

  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан әскерінің мәзіріне қуырдақ, мампар және бауырсақ қосылды

Қазақстан әскерінің мәзіріне қуырдақ, мампар және бауырсақ қосылды

Сарбаздар тағамдар швед үстелі үлгісінде ұсынылады

QazMonitor Logo
gov.kz
gov.kz

Қазақстан Қарулы күштерінде әскери қызметшілерді тамақтандыру жүйесі жаңартылып жатыр. Жаңа стандарттарға сәйкес, сарбаздарға тағамды таңдау мүмкіндігі беріліп, мәзір ұлттық ас түрлерімен толықтырылуда, деп хабарлайды QazMonitor.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, негізгі жаңашылдықтардың бірі – «швед үстелі» элементтерін енгізу. Бұл әскери қызметшілерге күн сайын бірнеше бірінші және екінші тағам түрінен өз қалауынша таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте азық-түлік пайының құны өзгермейді.

Жаңа модельді енгізу аясында әскердегі тамақтандыру жүйесі де қайта қаралған. Қазір бұл қызметті 40 мыңнан астам әскери қызметшіні қамтитын 23 жеткізуші жүзеге асырады. Конкурс нәтижесінде 11 жаңа компания тартылып, бәсекелестік пен қызмет сапасын арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, келісімшарттар үш жылдық мерзімге жасалып, барлық конкурс рәсімдері электрондық форматқа көшіріледі. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

Тамақ сапасын жақсарту үшін практикалық шаралар да қабылданған. Атап айтқанда, 300-ге жуық бақылау және көрсетілімдік тағам әзірлеу рәсімі ұйымдастырылып, әскери аспаздарға арналған оқыту жүргізілді. Сондай-ақ сарбаздардың пікірі негізінде мәзірге өзгерістер енгізілген.

Жаңартылған рацион аясында ұлттық тағамдарға да басымдық берілген. Әскери бөлімдерде «ұлттық тағамдар күні» енгізіліп, мәзірге қуырдақ, мампар, палау, ет және бауырсақ қосылған.

Сондай-ақ далалық жағдайда тамақ сапасын арттыруға және әскери аспаздар институтын дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл бағытта аспаздар азаматтық жеткізушілермен бірлесіп жұмыс істейді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.